«Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде

Сурет informburo.kz сайтынан


Аудан көлемінде 25 қараша – 10 желтоқсан аралығын қамтитын «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде.
Акцияның негізгі мақсаты - зорлық-зомбылықтың жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халыққа таныстыру, олардың полицияға сенімін арттыру мен қоғамдағы отбасының рөлін күшейту.
Осыған байланысты бірқатар іс-шаралар қолға алынып отыр.
Жасыратыны жоқ, тұрмыстық зорлық-зомбылық қоғамның қасіреті десек артық айтқандық емес. Өйткені, соның салдарынан ана да, бала да зардап шегіп, бақытсыздыққа душар болып жатады. Сондықтан, мұндай жайттарды болдырмай, алдын алуға баршамыз атсалысуымыз керек-ақ. Сонда ғана ортақ Отанымыз, қоршаған қоғамымыз гүлденеді.
М.АЙҒАЛИ,
Индер ауданы полиция бөлімі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521