Жөнделген жолдардың үлесі 26 пайызға жетті

Ауданда көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2009-2015 жылдар аралығында жергілікті бюджет есебінен бөлінген 2 млрд.356 млн. теңге қаражатқа жалпы ұзындығы 52,24 км. немесе 62 көшеішілік автомобиль жолдары жөнделді.

Соның арқасында аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының қанағаттанарлық жағдайы 8-ден 26 пайызға жетті. Енді 2019-2020 жылдарға тағы 8 жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, 8 млрд. 291,9 млн. теңгеге 192 көшені қамтитын 95,2 км. автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Осы 2020 жылы аяқталатын жұмыстар ішінде 55,5 км. жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу жұмыстары да қарастырылған. Бұл нысандарға Ынтымақ ауылының кірме және жүргіншілер жолдары, Елтай ауылындағы «Жас өркен» лагерінің күрделі жөндеу жұмыстары, Аққала (аяқталу мерзімі 01.10.2019) және Есбол (2020 ж.) ауылдарының кірме және көше жолдарын күрделі жөндеу жалғасатын болады. Сонымен қатар Қызылжар ауылының кірме жолдарын қайта жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, оң қорытындысы алынды.

Мұнымен қоса «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» жолының (0-ден 80 км-ге дейін) реконструкциялау жұмысы бойынша жарияланған ашық конкурсты «Атырауинжстрой»ЖШС жеңіп алып, келісімшарты жасақталды. Бұл ұжым бүгінде 14-км-дан жөндеу жұмыстарын бастап кетті.

С.БИСЕНОВ.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика