Республика көлемінде 19-20 шілде күндері «Жолда қабылдау» акциясы өтеді.
Мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон қызметі және қару айналымы бойынша түсініксіз жағдайларды халыққа кенінен түсіндіру. Сонымен осы мақсатта туындаған өзекті сұрақтарыңыз болса, 19 шілде күні сағат 10:00-де Қонаев көшесі №19 үйдің ауласында, ал 20 шілде күні Мәдениет үйінің алдында «ИВЕКО» мемлекеттік белгісі бар 0415/06 автокөлігінде өткізілетін акция кезінде жолығуларыңызға болады. А.САПАРОВ, Индер АПБ-нің Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры.