ЖЕРЛЕСІМІЗ ФРАНЦИЯДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАДЫ

Өткен айдың 10-11 тамыз аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дзюдо күресінен шеберлер арасында еліміздің біріншілігі өткен болатын. 
Бұл біріншілікке жерлесіміз спорт ардагері, дзюдо тарланы төс белгісінің иегері Асқар Хамзаұлы 70 жастан жоғары балуандар арасында белдесіп, жеңімпаз атанды. Енді сол жеңіс тұғырынан көрінгендер күзде францияда өтетін әлем чемпионатына қатысады.  
Міне жасына қарамастан салауатты өмір салтын сақтап, талай шәкірттерді дзюдо ұясынан қияға ұшырған Асқар ағамыз құдай қаласа францияда өтетін әлем чемпионатына қатысып, дүниежүзі палуандарымен боз кілемде қазақтың намысы үшін айқасқа түседі. 
Кезінде ұлан-ғайыр жерімен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы бабамыз осы Париж төрінде шетел палуандарын жеңіп, чемпион атанғаны тарихи шындық.
Ендеше, тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап келе жатқан Асқар ағамызға сәт сапар айтып, бабамыздың аруағы қолдап, олимпиадада олжалы оралуына тілектеспіз.


Ж.Ісім 



ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT