Желіге энергетик есімі берілді

Индер мен «Райгородок» стансасы (Қызылқоға ауданы) аралығындағы 110 кв электрлі жоғары кернеулі әуе желісіне Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының «Еңбегі сіңірген энергетик» төсбелгісінің иегері, Каспий өңірі энергетикасына сүбелі еңбегімен үлес қосқан Жексенғалиев Қайрат Кенжеұлының есімі берілді.

Ол «Атырау-Жарық» АҚ президенті С.Ф.Кенжалиевтің бұйрығы мен аталмыш мекеменің директорлар кеңесінің төрағасы О.Т. Қаршегенов келісімімен жүзеге асқан. Сондай-ақ аталмыш электрлі әуе желісі өткен тұсқа электр бағанасы бейнесіндегі арнайы белгінің ашылуы өтті. Белгі кенттен Атырау-Орал автокөлік жолына дейінгі 7 шақырым жол бойына орналасқан.

Электрлі желінің атауын иеленіп отырған Қайрат Кенжеұлы Атырау қаласының тумасы, 1988 жылдан электромонтердан бастап, «Атырау-Жарық» АҚ электр желілері орталық қызметінің басшысы лауазымына дейінгі қызметтерді абыройлы атқарған. Өкінішке орай осы қызмет барысымен іссапарда, жүргенінде дүниеден өткен.

Белгінің ашылу салтанатында сөз алған «Атырау-Жарық» АҚ І тете президенті Мейірбек Губашов аталмыш электр желісі Индер мен Қызылқоға аудандарына қосатын маңызды желі екендігін, ал оның қайта жаңғырту жұмыстарының жүргізілуіне, далалық жағдайдағы қиындықтарға қарамастан тындырымды атқара білген Қайрат Кенжеұлының үлкен еңбек сіңіргенін атап өтті.

Шарада Аслан Базарғалиев, Нәдірғали Ақбатыров, Серік Дағыстанов, Бағытжан Әлипов, тағы басқа да қызметтес, дос, ағайындары Қайрат Кенжеұлының ерен еңбегін, адал достығын, азаматтық тұлғасын қадір тұтатындықтарын атап өтті. Сондай-ақ оның ұлы Наурызбек Жексенғалиев әкесінің қызметтегі еңбегін жоғары бағалап, еңселі ескерткіш тұрғызып жатқан «Атырау-Жарық» ұжымына ризашылығын білдірді.

Жалпы Жексенғалиевтар әулеті облыстағы энергетика саласында ұзақ жылдар еңбегімен танылған отбасылық династия саналады.

Шараға Елтай ауылдық округінің әкімі Олжас Хасанов қатысты.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521