Жаяу жүргіншінің жайын кім ойлайды?

Мен көтеріп отырған мәселе жалғыз менің емес, көптің көкейінде жүрген жайт.

Себебі, жаңбыр жауса аяқ басар жер таппай, тобықтан саз кешіп, біресе көліктен, біресе «көлшіктен» қашатын күйді бастан өткізіп жүрміз. Әсіресе, басқа көшелерді айтпағанда, әкімшілік, сот, пошта, жұмыспен қамту орталығы, балабақша, дүкен сынды халық көп қатынайтын нысандар орналасқан Қонаев көшесінің өзі жаяу жүргіншінің жүйкесін жұқартып болады.

Арнайы жолмен келе жатып жоғарыда аталған ғимараттардың маңайына келгенде жиналған қаққа қадалып қаласың. Бұл көшемен халықтың тең жартысы қатынайды, әсіресе оқушыларға обал. Сондықтан, тротуарлардың жанынан су тұрмайтын етіп суағарлар жасалса дейміз. Кент әкімшілігі осы мәселені қолға алғанын күтеміз. Оның үстіне жаяу жүргінші жолының сапасы сын көтермейді, кей жерлерінің тіпті плиткалары жоқ. Қалай дегенде де өркениетке ұмтылған елміз ғой, ендеше, көшелерді көркем етпекке де ұмтылайық.

А.ИСАЕВ,

зейнеткер, кент тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT