Жауапкершіліктің жүгі ауыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төрінші отырысында тәрбие мен білім бағамы бірдей көтерiлуi керектігін баса айтты. Өз сөзінде Президент: «Озық ұлт болу үшін озық білім мен тәрбие қатар жүруі керек. Алдынғы қатарлы, ба­с­қ­а озық iрi­лiкке бұл айқын бағыт­бағдар көрсетіп тұр­. Қа­з­іргі уақытта тәрбиеге қатысты жүйелі ұстаным жасалуы аса маңызды», — деді.

Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы. Осы қанатты сөз қазірде өзектілігін жоғалтқан жоқ. Тәрбиесіз бала қоғам үшін қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан тәрбие мәселесіне өте мұқият қараған жөн.

Педагогика саласының көрнекті өкілі Цицерон баланы бастап тасталған ғимаратқа теңеген екен. Расында да, бала тәрбиесі ата-ана мен ұстаздардың бірлесе атқаратын жауапты міндеті. Баланың дүниетанымы мен көзқарасының қалыптасуында кітапхананың алатын орны ерекше. Кітап оқу арқылы бала өзіндік ойлауды дамытады, жан-жақты ақпарат алып, рухани байиды.

Бүгінгі таңда ауылдық кітапханалар балаларды кітап оқуға баулитын мәдени ошақтардың бірі болып отыр. Әртүрлі іс-шаралар, танымдық кештер мен әдеби кездесулер балаларды кітап оқуға қызықтырады. Сонымен қатар кітапханаларда түрлі үйірмелер мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.

Осы орайда ұлттық тәрбиеге ерекше мән беруіміз қажет.

Гүлзина АЗАНОВА,

Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар

жүйесінің әдістемелік бөлімінің меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT