"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында кенттегі мекеме, бөлім қызметкерлері Тайсойған көшесінің бойында арам шөптерді жұлу, қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізуде.
- Ауданда "Жасыл ел" жобасы бойынша 120 адамға квота бөлініп, жаз айларында жұмыспен қамтылуда. "Таза Қазақстан" акциясы мен жастар онкүндігінің аясында жастар ауданның экологиялық тазалығына үлес қосып, сенбілік жасауда. Карьерде барлығы 24 тонна қоқыс шығарылды, - дейді жастар орталығының директоры Темірлан Бертлеуов.
Суретте "Жасыл ел" сарбаздары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мекемесіне тиесілі жерді тазалап жүр. Мекемелер өз айналасын неге таза ұстамайды? Сонда жастардың жаны жоқ па?