Өткен аптада «Бірыңғай партия күні» аясында бір топ аудан жастарымен ашық форматты кездесу өтіп, оған қатысқан Атырау облысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев:
-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жарияланғанын атап, белгіленген бағыттардың маңыздылығын баса айтып, осы салада бірлесе қимылдау үшін ортақ арналар бар екенін нұсқады. Жастардың туған жеріне үлес қосуға бағытталған жаңа пар¬тиялық жобаларды жүзеге асыруға және алдағы уақытта елімізде кеңінен енгізу үшін жастар идеялары мен жобаларының тізімін жасауға белсене қатысуға шақыр¬ды. Жиын барысында ауданның белсенді жастары да өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Г.ИГІЛІКОВА.