Жастар орталығына жаңа басшы келді

Енді аудандық жастар ресурстық орталығына жас маман Кенжеғалиев Аслан Бауыржанұлы басшылық жасайтын болады.

Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мурзин жаңа басшыны орталыққа тағайындап, өңір жастарына таныстырды.

Аслан Бауыржанұлы – 1992 жылы туған. Бастауыш сыныпты Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №3 мектепте оқыса, 5 сыныпты Индербор кенті, «Көктем» қазақ орта мектебінде жалғастырды. 2008-2011 ж.ж. Орал қаласы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжін «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», 2011-2014 ж.ж. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойыншы бітіріп шықты. 2014 жылдан күні бүгінге дейін «Индер аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде есепші қызметін атқарып келді.

Бүгінге дейін жастар саясатын жүзеге асыруда мейлінше белсенділік танытып жүрген орталық жаңа жылдан бастап «Борат» мәдениет үйінің ғимаратына көшті. Кездесу жиынында Жастар жылының аясында атқарылар жұмыстар мен алдағы жоспарлар да талқыға түсті. Айта өтейік, қайткенменде ауданның жалынды жастары жаңа жас басшыға үлкен сенім артып отыр. Жиын барысында «Дендер-Жастар» және «Тағылым-Индер» қоғамдық бірлестіктердің басшылары Қайырлы Ғилманов, Бексұлтан Тұржанов және бір топ жастар жаңа басшыға жылы лебіздерін арнап, зор сенім білдірді.

Д.АЙБАР.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT