Жастар ешқашан назардан тыс қалған емес

- Жастар жалынды жігерімен қоғамның қозғаушы күші.

Қазіргі таңда ең көп қойылатын сұрақ – «Бүгінгі жастардың қоғамдағы орны қандай?», «Аудан жастары қоғамдық іс-шараларға белсене араласып жүр ме?». Мемлекет басшысы ел болашағы үшін – жастарды ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Келер жылды «Жастар жылы» деп атап көрсетуі - жастарға берілген зор мүмкіндік, оларға артылған үлкен сенім деп түсінемін. Алайда, біз, жастар, осы жылдан не күтеміз?

Дамудың өзіндік ерекше үлгісін қалыптастыра білген еліміз тағы жүз мақсат, мың мүддені арқалап, болашаққа бірге ұмтылмақ. Жол көрсетер Жолдау арқылы жігерлі жастар, қазақ елінің ұлттық идеясы саналатын Мәңгілік елді қалыптастыратынын байқауға болады. Мен өзім жастар саясаты саласында қызмет атқаратындықтан Елбасының жастарға айтатын ой-пікірлері мен талап-тілектерін айрықша ден қойып қабылдаймын. Біз өмір сүріп жатқан уақыт – бейқамдық пен шабандықты кешір­мейтін кезең. Бүгін жасалуы тиіс дүниені ертеңгі күнге ығыстырған адам көштің соңында қалары анық. Осыны ескерген Елбасы жастарды белсенді болуға, барлық іске жауапкершілікпен қарауға, батыл әрекеттер жасауға үндеп отыр.

Ендеше, жастардың жалындап жанып, биік белестерді бағындыруға ұмтылатын шағы туды. Міне, аудандық жастар ресурстық орталығы да «Жастар жылын» кең көлемде атап өтуі үшін арнайы іс-шаралар жоспарын жасақтауда. Сондай-ақ, атап өтсек, өткен жылы жүзеге асырылған «Ардагерлерді ардақтайық», «Orator.kz», «Book-dating» жобалары, «Дендер» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін «Жайдарман» сайысы да осы жылы жалғасын табатын болады.

Олай болса, Елбасының саясатын қолдай отырып, замандастарымды Отанымыздың өзгелерден озық шығып, Азия барысына айналуы жолында еңбек етуге шақырамын.

Жадыра Нариманқызы,

аудандық жастар ресурстық орталығының маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT