"Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізілуде

Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, олардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, оқушылар арасында кездесетін келеңсіздіктердің жолын кесу  мақсатында ауданда 17-22 қаңтар  аралығында «Жасөспірім»  жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында жасөспірімдердің қадағалаусыз, панасыз қалуының алдын алып, түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үй-жайдан немесе ойын сауық мекемелерінде жүрген жасөспірімдер қырағы назарға алынып, тиісінше тәртіптік шара қолданылатын болады. 
Аудандық полиция бөлімі жергілікті поолиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Гаухар Құбашеваның айтуынша, іс-шара басталғалы түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын-жайдан тыс жүрген 20 жасөспірім анықталып, 1 қолайсыз отбасы есепке алыныпты. 
- Жасөспірімдердің қауіпсіздігі әркез маңызды. Акция басталған үш күн ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 442 бабының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықты бұзған жасөспірімдер анықталып отыр. Яғни екінші бөлігімен 19 бала анықталып, ескерту берілді және үшінші бөлігімен 1 бала ұсталып, 13762 теңге айыппұл салынды, - дейді ол. 

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT