Жасанды интеллект білім берудің ажырамас бөлігіне айналуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. 

Жолдаудың басты өзегі -жасанды интеллект пен цифрландыруға арналды, өйткені болашақта ЖИ экономиканы және мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі қозғаушы күші болмақ. Президент атап өткендей, жаңа технологиялық дәуірге сай болу үшін Қазақстанға басқару тәсілдерін түбегейлі қайта құрып, жүйенің ашықтығын, тиімділігін арттыру қажет.
Ел тарихында тұңғыш рет «Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін» құру ұсынылды. Оны вице-премьер деңгейіндегі маман басқаруы тиіс. Министрліктің негізгі міндеті - жасанды интеллектті барлық салаға жаппай енгізу және «Цифрлық кодексті» жедел қабылдау болмақ. 
Президент ЖИ саласындағы мамандарды даярлау мектеп қабырғасынан басталуы тиістігін ерекше атап өтті.
Бұл тұрғыда жасанды интеллект негіздері бойынша -оқу бағдарламасы мен оқу құралдарын әзірлеу,мұғалімдерді жаңа технологияларға үйрету қажеттілігі атап көрсетілді. 
Сондықтан әрбір ұстаз замана көшіне ілесу үшін, бұл технологияны да үйренері анық
Қазіргі таңда жасанды интеллект білім берудің ажырамас бөлігіне айналуда, ол біздің оқу және табысқа жету жолын өзгертеді. Қиындықтарға қарамастан, осы саладағы ілгерілеудің келешегі жігерлендіреді, қазіргі заманғы әлемнің қажеттіліктерін көрсететін неғұрлым қолжетімді, жекелендірілген және сапалы білім беруге жол ашады..
Біз, Мемлекет басшысының әрбір бастамалары табысты жүзеге асатынына сенімдіміз және осы жолда әр бастаманы қолдауға белсенді атсалысуға дайынбыз.

Габдуллина Ақмарал,

Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі,

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" төсбелгісінің иегері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT