Жас ақындар облыстық кезеңге жолдама алды

Индер ауданында тұңғыш рет «Поэтикалық дуэль» жас ақындардың жыр додасы өткізілді.

Бұл Атырау қаласы «Жерұйық» мәдениет орталығы» қоғамдық қоры жанынан құрылған «Елсана» руханият клубының, «Әлібек» ақындар алаңының ұйымдастыруымен аудандар арасында тұңғыш рет Индерде өткізіліп отыр.

Өнер мектебінің акт залында өткізілген додаға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ІІ курс студенті Шырайлым Елтайқызы, «Балдаурен» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Сәуле Берікова, Жамбыл атындағы орта мектеп оқушылары Елхан Бағдат, Аяла Қанатова, Қ.Есқалиев атындағы орта мектеп оқушылары Айгерім Меңдіқұлова, Дильназ Имашева және «Көктем» қазақ орта мектебінің оқушылары Ертай Кеңесов мен Айбат Сансызбаев қатысты. 4 бағам бойынша сынға түскен жас ақындар өз туындыларын оқып, берілген тақырыпқа қысқа уақыт аралығында жыр шумақтарын жазды.

Байқауға аймаққа танымал ақындар Айнагүл Кемалиева, Арман Жаналин, Нұрислам Құспанғалиевтар әділқазылық етті.

Нәтижесінде Ертай Кеңес І орын, Шырайлым Елтайқызы бас жүлде иеленіп, желтоқсан айында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды. Басқа қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Айта кетейік, бұл дода басқа аудандарда да өтіп, іріктеліп, жүзден жүйрік шыққандар облыстық кезеңде бақ сынайтын болады. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, жыл аяғында озық шыққан жас ақындардың антологиясын кітап етіп шығару жоспарланып отыр екен.

"Дендер" - Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521