Жасқа жігер, ертеңге сенім мол

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау мақсатында жаңа мәдениет үйінде актив жиыны өтті.

Оған Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Төлегариева, облыстық ақпараттық топ мүшелері, құқық қорғау органы басшылары, аудандық дербес бөлім, мекеме, кәсіпорын басшылары, ардагерлер, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен жастар қатысты.

Жиында Жолдауда қойылған міндеттерді аудан өңірінде жүзеге асыру жөнінде аудан әкімі С.Арыстан баяндама жасады Аудан әкімінің баяндамасынан соң облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Төлегариева сөз алып Жолдаудағы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге қатысты кеңінен тоқталса, Қазақстан Коммунистік халық партиясының мүшесі Самат Сәлиев маңызды құжаттың ерекшелігіне сөз ете келе, демографиялық ахуалдың әркез басты назарда тұруы, ана мен балаға берілетін ақыны көбейту қажеттігіне басым бере сөйледі. Сондай-ақ аудандық соттың төрағасы Д.Тұқфатова сот саласындағы соны өзгерістерге тоқталса, өзге де тұрғындар сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.

 

Материалдың толық нұсқасын "Дендер" газетінің 18.10.18 ж. №42 (8193) санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT