БҮГІНГІ ТАҢДА АПАТТЫ ҮЙЛЕРДІ КӨШІРУ МӘСЕЛЕСІ ӨТКІР ТҰРҒАНДЫҚТАН, БҰЛ БАҒЫТТА БІРАЗ ЖҰМЫС ҚОЛҒА АЛЫ - НУДА. АЙТАЛЫҚ, АУДАННЫҢ БИЫЛҒЫ ДАМУ ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕ БӨДЕНЕ АУЫЛЫНАН – 13, ЖАРСУАТТАН 26 АПАТТЫ ҮЙДІ КӨШІРУ ЖОСПАРЛАНҒАН. ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ – 920 МЛН ТЕҢГЕ. АЛ ИНДЕРБОРДАҒЫ МЕРЗІМІ ӨТКЕН ҮЙЛЕРДІ КӨШІРУ ҚАРЖЫНЫҢ ЫҢҒАЙЫНА ҚАРАЙ ЖОСПАРЛАНБАҚ.
Жарсуат ауылдық округінің әкімі Д.Қапашевтың айтуынша, кәсіпкер өз қаржысына 32 пәтерлік 16 үй салуда. Барлық инженерлік инфрақұрылымын өзі тартады. Кейін әкімдік бағалау құнына орай сатып алады. Бұл – ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық.
Жан АМАН
Индер ауданы