Жаңа кәріз су стансасы іске қосылды

«Жаңа кәріз су тазарту стансасын іске қостық»,- деп мәлімдеді Индер ауданы әкімі Мейірім Қалауи бүгінгі тікелей эфир барысында.

Жаңа кәріз стансасының құрылысы 2015 жылы аяқталғанымен осы күнге дейін түрлі себептермен іске қосылмай келген болатын. "ИндерСу" КМК басшысы Шалқар Алмурзиевтің айтуынша, стансада биылғы жылдың жаз айларында қайтадан жөндеу жұмыстары жүргізілген соң пайдалануға мүмкіндік туған.

70214634_991859671177946_6500364394688413696_o

-Кенттегі көп қатарлы үйлер мен әлеуметтік нысандарды жаңа жүйеге қостық. Ал жеке тұрғын үйлер өздері қосылу керек. Әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларға әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы көмектесуге дайынбыз, - деді аудан әкімі Мейірім Жоламанұлы.

«Дендер»-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT