Жаңа көлікпен жылдам жетеді

Науқас адамға ең алдымен көмекке келіп, алғашқы медициналық көмек шараларын ұйымдастыратын «жедел жәрдем» қызметі саласы жаңа автокөліктермен толықтырылып, заманауи үлгіде жарақтандырылуда.

Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының басшысы Бауыржан Төлегеннің айтуынша, қазіргідей қысылтаяң шақта үлкен қолдау болып табылады.

-Қазіргі таңда Индер ауданына үш жаңа автокөлік берілді. Оның бірі еліміздегі «КТК» компаниясының қолдауымен 1 «УАЗ» автокөлігі болса, қалған екеуі республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа алынған «Jac sunray» автокөліктері. Соңғы екі автокөліктің ерекшелігі оларда өкпені жанды демалдыру аппараты және демофулятор, науқас адамға шұғыл көмекті қажет ететін барлық құрал-жабдықтармен қамтылған,-дейді ол өз сөзінде.

Жергілікті жердегі жедел жәрдем стансасының аға фельдшері Айгүл Бисембаеваның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда аудандағы екі жедел жәрдем стансасының 1-і Индерборда, екіншісі Есбол ауылдық округінде жұмыс істейді.

Бұл ретте 11 фельдшер, 7 жүргізуші, 2 кіші буын қызметкер халыққа қызмет көрсетуде. Кілті жаңа қолға тиген «УАЗ» автокөлігі Есбол ауылдық округіне берілген екен. Күніне 20-30 шақырту түсетін «жедел жәрдем» тиісті жерге жедел жетеді.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521