Отбасы - мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие-отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді. Тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана болса, шуағы перзент.
Аудандық мәдениет үйінде өнегелі құндылықтарды жаңғырту және отбасы мәртебесін жоғарлату, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкерршілігіниартытыру, бір-біріне қамөор болуға үндеу мақсатында «Жанұя бақыты-шаңырақ шаттығы» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесуге аудандағы түрлі салада жемісті еңбек етіп шаңырақ көтергендеріне 58-50-40 жыл болған Жолдасқалы Өмірбаев, Болат Сапанов, Қанат Сидеғалиев, Талап Бисеновтың жанұялары шақыртылып құрмет көрсетілді.Жанұя мүшелері отбасы құндылығы турасында өз ойларымен бөлісті.
-Бүгінгі шараға қатысқан қонақтарды отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Отбасы құндылығы бабалардан келе жатырған мұра деп есептеуіміз керек. Отбасы құндылығын сақтау, дәріптеу, жалғастыру қазіргі ұрпақтың басты міндеті деп санайтынын атап өтті еңбек ардагері Жолдасқали Өмірбаев.
Кездесуде аудандық мәдениет және тілдерді дамыту, спорт бөлімінің басышысы Жеміс Тілепқалиева, «Әйіпқажы» мешітінің бас имамы Ералы Қамзағалиев сөйлеп жиналғандарды отбасы күнімен құттықтады. Кездесуге шақырылған жанұяларға аудан әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мәдениет үйінің өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты.
СҰҢҚАР ЕРСАЙЫНҰЛЫ