Жақсыдан үйренудің жаттығы жоқ

Экономикасы ілгерілеген мемлекеттердің қатарына қосылып, қуатты да еңселі ел болуды ойласақ, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жолында батыл қадам жасағанымыз абзал. Мұны мемлекет басшысы да халыққа Жолдауында айқындап айтқан болатын. Энергия ресурстарын батыл пайдаланбай, дербес үлкен экономика жасау мүмкін емес екенін дұрыс түсінетін кез келді. 

«Еуропадағы үлкен елдердің қатарындағы Украинаны электр қуатымен 51 пайыз атом электр стансалары қамтамасыз етеді. Ондағы АЭС-тің 95 пайызын Росатом салған. Мәселен, қазіргі күнде ол елде соғыс әрекеттері жүріп жатыр. Бірақ АЭС-ке қауіп төндіреді деген ешқандай мәселе көтеріліп жатқан жоқ. Демек, біз жоқ нәрсені саясиландыра бермеуіміз керек. Ал енді қазір біздің елге неге АЭС керек? Біле білсек, болашағымызды әлеуметтік-экономикалық тұрғыда қамтамасыз ете білуіміз шарт. Қазір Оңтүстік Кореяда атом электр стансаларын салу қатты дамыған. Олар әрбір ірі нысанға арнап шағын АЭС-тер орнатуда. Біз бұл жаңа технологиялық әдісті де жіті бақылап отырмыз», — дейді күн тәртібіндегі осынау маңызды мәселеге орай пікірімен бөліскен «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев.

Партия жетекшісінің айтуынша, бұл жерде бірінші кезекте АЭС-ті тұрғызудың құны мен материалдық сапасы бірінші орынға шығуы керек. Ал технология күннен-күнге дамып, энергияға қажеттілік те сәт санап артып барады.

-АЭС-ті салуға қажет көп құрылғылар мен бөлшектерді, сондай-ақ микросхемаларды, процессорларды дамыған озық елдерден алатыны мәлім. Біріншіден, Қазақстан неге АЭС-тің ең қауіпсіз түрін таңдап отыр? Бәрімізге мәлім, Семей полигонында ядролық бомбалардың үзіліссіз жарылыстары болды. Олардың зардабын халқымыз әлі күнге дейін шегіп отыр. Содан халқымыздың санасына үлкен қорқыныш ұялап қалған. Олар кіші модульді реакторлар деп аталады. Өткен тамыз айының басында 2 апта АҚШ-та іссапармен болып қайттым. АҚШ-тың Энергетика министрлігінің 16 ұлттық лабораториясы бар. Олардың ең кішісінде 3 500, үлкенінде 16 000 адам жұмыс істейді. Солардың алтауымен біздің Ядролық физика институты тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келе жатыр. Солармен бірге бірқатар жұмысты нәтижелі атқарып келеміз. Оның ішінде зерттеу жұмыстарымен қатар өндіріс те бар, — дейді А.Әміртаев.

Аталған кіші модульді реакторлар әлемде енді салынып жатыр. Сондықтан оның тиімділігі мен кер Қазақстанның жеке реакторын жасап шығаруға да өз әлеуетіміз жетеді. Сондықтан бізде АЭС- ке қатысты түк те жоқ деп ауызды қу шөппен сүртуге болмайды. Құдайға шүкір, біздің бұл салада мамандарымыз да, ғалымдарымыз да бар. Мүмкін кейбірінің білімін жетілдіру үшін қысқамерзімді дәрістерге қатыстыру керек шығар.

Көпшілік арасында «АЭС неге Үлкен ауылына салынып жатыр?» деген сұрақ бар. Сала сарапшыларының айтуынша, мұндағы АЭС екі блоктан тұрады. Мұнда 2 000 адам жұмыс істейтін болады. Олардың 300-і — жоғары білімді, 1 500-і арнайы мамандықтар бойынша, қалған 200-іне мамандықтың қажеті жоқ. Айтылған 300 жоғары білімді, 1 500 арнайы мамандарды Ядролық физика институтының базасында, қысқа мерзімде дайындап беруге мүмкіндік бар. Өйткені мұнда 66 жылдық тәжірибе жинақталған. Тура осы АЭС-ке қойылатындай реакторымыз да бар. Ол жұмыс істеп тұр. АЭС-ті кез келген жерге салуға болмайды. Себебі мұнда жұмыс істейтін 2 000 адам бір жерде өмір сүруі керек қой. Олардың әрбірімен келісімшарт жасалады. Олар қу далада қалай тұрады. Ал Үлкен ауылының жанын таңдаудың басты себебі, өткен ғасырдың соңында-ақ ол жерге АЭС салу жоспарланған болатын. Сол кезде ол белгілі себептерге байланысты салынбай қалды. Сөйтіп, елге тиімді жоспар жүзеге аспады. Енді дайын тұрған алаңды жоғалту біз үшін үлкен қателік болмақ. Өйткені ол өте көп шығындар әкеледі. Қазір Түркия мен Мысырда және Беларусьте осыған ұқсас АЭС-тер салынып жатыр. Мысырда 2 блок, Түркияда — 4 блок, Беларусьте 2 блок тұрғызылу үстінде. Осы 8 блоктың бәрі бірдей. Бірақ олардың орналасқан жерлері әртүрлі болғандықтан, ішкі құрылым, құрылыстары міндетті түрде біркелкі болмайды. Өйткені ондағы көп дүние климатқа байланысты. Сондықтан сыртқы көрінісі бірдей болғанымен, реакторлардың ішкі құрылымдары сол жердің климатына сай болуы шарт. Ал ауа райы әртүрлі. Сол сияқты Үлкен ауылына салынатын АЭС- тің де өз ерекшеліктері міндетті түрде болады. Ел-жұрттың жағдайын ойлайтын сұрақтар. Расында, АЭС-тің шығындары бар. Ол — радиация қалдықтары. Қазір ғаламшардағы барлық елдер оны оқшаулап, арнайы сақтау орындарында берік қорғап отыр. Қазақстан оған қосылып, сол стандартпен жұмыс істей алады. Екіншіден, салынатын АЭС Балқаш көлінің бір тамшы да суын пайдаланбайды әрі ластамайды. Бұл — Қазақстандағы ядролық физика институты сарапшы мамандарының пікірі. Таяуда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысына қатысты жалпыұлттық референдум өткізуге қажетті барлық сараптама дайын екенін мәлімдеді. Референдумда еліміздің энергетикалық тұрғыда тәуелсіздігін ойлаған және экономиканың еңбектеп емес, еңсе тіктеп дамығанын қалайтын азаматтар саналы түрде дұрыс таңдау жасайды деген үміт бар. Халқымызда әлімсақтан келе жатқан, «Көз қорқақ, қол батыр» деген тамаша бір тәмсіл бар. Әңгіменің түйіні де осыған тіреліп тұрған сыңайлы.

Дәулетқали АРУЕВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT