ЖАҒЫМСЫЗ ИІС ЖАЙЛАП БАРАДЫ

Индербор кентінде жаңа кәріз стансасы салынып, оның ізінше кент көшелеріне жаңадан магистральды кәріз жүйесі жүргізілгені белгілі.

Жаңа кәріз желісі құрылысы кезінде кент ішінде бұдан бұрын салынған автокөлік жолдары бұзылып, көпшіліктің ренішін туғызғанымен жаңа магистраль салынып қалды. Биыл кентішілік жаңа автокөлік жолы салынарда кәріздің жайын сұрап, сауалымызды аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абзал Рамазановқа қойғанбыз. Сонда бөлім басшысы асфальт төсеу жұмыстарының алдында тиісінше жаңа кәріз құбырларына қосу жұмыстары жүргенін атап өткен болатын.

Дегенмен миллиардтарға жүргізілген кәріз жүйесі қалыпты жасай ма? Әлі жеке үйлерге тартылмағандықтан да көпшіліктің көкейінде күмән барын жақында өткен жиынның бірінде кент тұрғыны Игілік Қанатов көтерді.-Жаңадан төселген кәріз жүйесі қаншалықты жарамды? Тексерілген бе? Оны толық жасап алмай, жол салу қалай болмақ? Ертең қайта қазуға тура келмей ме? Қазір көптеген жеке үйлердің бәрі септикке көшкендіктен де жағымсыз иіс жайлап барады, -деп алаңдаушылығын білдірді.

Аудан әкімі Мейірім Қалауи жаңа кәріз жүйесінде туындап отырған мәселе жоғын, қалыпты жұмыс жасап тұрғанын қаперге берді. -Жаңа кәріз жүйесінің орталық желілерінің бәрі тексерістен өтті. Кәріз құдықтарының бәрі де «Индерсу» мекемесі тарапынан қадағаланып отыр. Біз автокөлік жолын кешіктіруіміздің салдары да осы жүйені тексеріп шығуға байланысты болатын. Әрине жаңа кәріз жүйесінің стансасын қосу өткір мәселе. Қазір оған Украинадан арнайы маман шақыртудамыз. Көп кешікпей оны да қосамыз. Бюджеттің қаржысына салынғаннан нысанды халықтың игілігіне қайткенде де жаратылатын болады, - деді аудан әкімі М.Қалауи.

Бұл арада туындайтын тағы бір мәселе кейбір көшелерде кәріз жүйесі бір жағымен жүргізіліп, екінші жағы қалып қойғандар кездеседі екен. Аудан әкімі М.Қалауи көшелердің екінші жағына жүргізу үшін қаржысы есептеліп, мүмкіндері қаралғанын атап өтті.

-Жаңа кәріз жүйелері 2 млрд теңгеге салынған болса, бұған әлі де осындай сомада қаржы қосу қажет екен. Сондықтан да екінші жағымен жүргізбеу туралы шешім қабылдадық. Есесіне қосылмай қалатын үйлерге «Индерсу» мекемесінің ассенизаторының бағасын түсіретін боламыз, - деді аудан әкімі М.Қалауи.

Ендеше, жаңа кәріз жүйесінің қалыпты жұмысына алаңдайтын негіз жоқ деген сенімдеміз.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика