Жабайы иттер ауыл малын қырып жатыр

{ytvideo https://youtube.com/shorts/ZVnIOjKBNBc?feature=share|16-9}

 

Соңғы кездері қасқырдан ит қауіпке айналды. Адамға шапқанын да естіп жүрміз. Енді бүгін Индер ауданы Елтай ауылында бір тәулік аясында үш үйдің жандығын өырып кетіпті.-Таңғы алтыларда шыққанымда тыныш еді. Содан кейін іле-шала болған оқиға. Жұбайым бір дыбысты шыққаны сол-ақ екен екі қара, бір сары ит қорада ойран салып жатқан көрінеді. Лезде қашқансен сарысы кісіге қарайтын түрі бар дейді,- 10 қойы өліп, 3 қойын жарақаттаған мал иесі Жалғас Наурызов. 

Сондай-ақ кеше түнде ауыл тұрғындары А. Жәлелов, Т. Ізмағанбетовтардың малын қырып кетіпті. Ауылдың ветеринария дәрігері А. Мұқатов:- Ит атуға рұқсат жоқ. Округ әкімімен бірге түнгі үшке дейін жүргенбіз. Бізді аңдығандай содан кейін малға шауып тұр. Біздің қолымыздан өлген малдарды көму ғана келеді,-дейді жағдайдың қиындығына алаңдаған күйі. Шынында да мал ұстау қиынға соғып тұр. Ұрлық тағы бой көрсете бастады. Өткен жылғы ұрланған, атып алған мал табылмады. Бұл ауыл жұртының шамына тиіп тұр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT