Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында барлық саланы дамытудың алғышарттары атап көрсетілді. Жасанды интеллект – жаһандық бәсекенің жаңа алаңы. Бұл салада алпауыт мемлекеттер ілгері қадам жасап, технологиялық үстемдікке ұмтылып жатқаны белгілі.
Жолдауда әр салада жасанды интеллектің тиімді болатын тұстарын ұсынды. Әр саладағы кадр тапшылығына тоқталды, жыл сайын жоғарғы оқу орынын бітіріп жатқан студенттер өз мамандығы бойынша жұмыс жасамай, жеңіл ақша табу жағына қарай ұмтылып жүргені, жыл сайын бос жұмыс орындарына шетелдік азаматтар келіп орналасып жатқанын айтты. Әр адамды ойландыратын мәселе.
Елге басу айта алатын елді тәрбиелейтін Мәдениет қызметкерлеріне, қайраткерлеріне қажетті қолдау жасалатыны, бірақ олар қазіргі даму стратегиясына сәйкес заманауи тұрғыда жұмыс жасап өздерін дәлелдеу керектігіне тоқталды.
Мәдениет саласы, өнер адамдары еліміздің салт-дәстүрін, өнерін шет елдерде насихаттап жүр. Бұл-үлкен құндылық, әрі үлкен еңбек. Бұл бағыттағы жұмыстарды құндылық ретінде бағалайтынын және болшақтағы мәдениет пен өнер саласын жасанды интеллект арқылы тиімді дамыту үшін тапсырма берді. Сол арқылы халықтың рухани-мәдениетін дамыту түсу жолы ашылмақ.
Әрине, бұл бағыттағы жұмыстарымызды жаңашылдықпен жұмыс жасауды міндетімізге аламыз.
Серік НЫСАНОВ,
«Индер-Мәдениет» КМҚК директоры