Жаңа жылдан – жаңа өзгерістер

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты соңғы Жолдауын халық жылы қабылдады.

Президент айқындап берген бағыт-бағдарлар Жаңа жылдан бастап халықтың тұрмысының түзелуіне, әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіші ілгерілей түсуіне баса назар аударылады.

Жалақы өседі

Мемлекет басшысы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі.

– Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында аймақта халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1720 мекемедегі айлығы 42 мың теңге болатын 10 415 адамның еңбекақысы көтеріледі. Қазірдің өзінде өңірдегі 21 мекеме қызметкерлердің еңбекақыларын көтеру шараларын бастап кетті. Бұл мекемелерде жалпы саны 2 587 адам жұмыс істейді,– деп атап өткен болатын облыс әкімі Н.Ноғаев.

Осы орайда аудан әкімі аппаратының басшысы Гүлнұр Сүйеуовадан білгеніміздей, аудандағы 606 мекеме қызметкерінің жалақысын көтеру бағытында 2019 жылдың І-жартыжылдығына 289 миллион теңге қаражат бөлінгенін атап өтті.

Сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаев «Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі компаниялар да қолдайды деп сенемін», - деді.

Коммуналдық төлемдер төмендейді

2019 жылы 1 қаңтардан бастап барлық коммуналдық тарифтерді төмендету көзделген. Бүгінде облыстағы коммуналдық қызметтер үшін тарифтер республиканың басқа аймақтарымен салыстырғанда төмен деңгейде көрінеді. Мәселен, электрмен және газбен жабдықтау тарифтары бойынша 17 орында, су және кәріз желісімен қамту тарифында 14-орында екенін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев атап өткен болатын.

Әзірге қолданыстағы тарифтер бойынша электр энергиясында өзгеріс бар. Яғни биылғы жылдың 1 қыркүйегі мен 31 желтоқсан аралығында электр энергиясын бөлшек сату қызметі бойынша жеке тұлғалардың бағасын 5,31-ден 4,51 теңгеге төмендетілгенін «АтырауЭнергосату» ЖШС Индер бөлімшесінің басшысы Рүстем Аяпбергенов атап өтті. Мүмкін жаңа жылдан бастап тағы өзгеріс болар.

Ал газды тұтынып отырған 11 өңірдің 9-ында тарифтер төмендейді. Бірақ біздің Атырау облысымен қатар мен Қызылорда да газдың бағасы арзандамайтын көрінеді.

- Газдың бағасы біздің өңірде сол күйінде қалады. Мысалы, қазір біздің облыста газ тарифі 8 теңге болса, Алматы қаласында 12%-ға түскеннің өзінде 29,8 теңгеден енді 26,2 теңгеден төлейді. Шымкент пен Түркістан облысында да 6% түскеннің өзінде 30,7 теңгеден енді 28,9 теңге төлейді. Яғни біздің облыс қана газдың ең төменгі тарифін пайдаланып келеді,- дейді «ҚазТрансгазАймақ» АҚ Индер бөлімшесінің басшысы Сағидолла Құлғалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT