Жаңа мешіт бой көтеруде

Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасының рұқсатымен Бөдене ауылында жаңадан мешіт бой көтере бастады.

Аудандық «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Ералы Қамзағалиевтың айтуынша, сол ауылдың тумасы Берік Сұңғатұлы тиісті рұхсат қағаздарын рәсімдеп алған соң жерлестерімен бірлесіп Алланың жердегі үйін салуға кіріскен көрінеді. Ауыл азаматтары берекелі іске бел шеше кірісіпті. Сәтін салса, келер жылы жамағатты қабылдайды деген үміт бар. Бас имамның сөзінен ұққанымыздай, осыған дейін Өрлік ауылында да мешіт құрылысы басталып, құрылысшылардың ыждағатты қимылының арқасында бүгінде мешіт күмбезін жабу жұмыстары жүруде. Ал, Елтай ауылындағы салынар мешіттің қазықтары қағылып, бірер күнде тиісті жұмыстар басталмақшы. Айта кетейік, аталған ауылдарда бой көтеріп жатқан мешіт құрылысына ауыл тұрғындары мен атымтай жомарт азаматтар қолдау көрсетуде.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT