ЖҮЗ ЖІГІТ ӘСКЕРДЕН ЖАЛТАРЫП ЖҮР

Отан алдындағы борышты өтеу – әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Десек те, осынау міндетке үстірт қарап, тиісті бөлімнің арнайы шақыртуын елемей жүрген азаматтардың көп болуы ойлантатын мәселеге айналғалы қашан?!

Қанша жерден үгітнасихат жұмыстары жүргізілгенімен, керітартпалық әлі де болса бар. Оны біз аудандық қорғаныс істері жөніндегі және учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп ұйымдастырған шақыртуларға барғанда көз жеткізгендей болдық. Ата-аналарының бірі ауысымдық әдіспен жұмысқа кетті десе, енді бірі көтерме жұмысқа кетті, не болмаса денсаулығы жарамайды деген уәждерді жиі айтты.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге қарасты жасақтау тобының бастығы Нұрғали Манкеевтың айтуынша, қазіргі таңда 1995-2004 жылдары туған азаматтарды көктемгі әскерге шақырту жүргізілуде. Бүгінгі таңда солардың ішінде 98 азамат іздеуде жүрген көрінеді. Алғашқыда оларға ескерту берілсе, ендігі жерде әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 647-48 баптарында көрсетілген 3 айлық көлемінде айыппұл қарастырылмақ.

Аталған айыппұлға айылын жимаған азаматтарға ҚР қылмыстық кодексінің 387 бабы бойынша 3 млн 600 мың теңге айыппұл салынады. Сондықтан әрбір азамат өздеріне тиесілі жауапкершілікті терең сезініп, бөлімге аяқтай барулары қажет-ақ.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT