Зейнеткерлер зейнетақысы үйге жеткізілуде

Бұл туралы бүгін Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Қазпошта" АҚ Атырау облыстық филиалы директоры Алтын Садықова хабарлады.

"Төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін, Атырауда 1600 зейнеткерге зейнетақысы үйіне жеткізіліп келген еді. Кейін елде қалыптасқан ахуалға байланысты, зейнетақыны пошта бөлімшелерінен тікелей алып келген 240 зейнеткерге ара қашықтықты сақтау арқылы үйге жеткізу қызметі ұсынылды.

Бұдан бөлек, дербес шот арқылы зейнетақы алып келген 5000-ға жуық зейнеткерге банкомат карталары рәсімделіп табысталды" деп нақтылады спикер Алтын Садықова.

Белгілі болғанындай, қазіргі таңда "Қазпошта" АҚ ресми сайты, мобильді қосымша көмегімен бандероль, сәлемдемелерді үйге жеткізу, газет-журналдарға жазылу қызметтерін ұсынып отыр. Барлық сұрақтар бойынша атыраулықтар төмендегі телефон номерлері бойынша қызмет ала алады:

8 (71 22) 36 - 71 - 00

8 (71 22) 36 - 71 - 22

8 (71 22) 36 - 71 - 23

Атырау облысында Төтенше жағдай режимін

қалыптастыру жөніндегі шұғыл штабы

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика