Заңсыз таксилерге рейд жалғасуда
Индер ауданында заңсыз таксилерді анықтау мақсатында рейдтік шаралар жалғасуда.
Бүгінде автокөлік тізгіндеген екі адамның бірі қолы қалт етсе, жолаушы тасымалдап, азғантай болса да нәпақа тапқанды құп көреді. Бірақ олардың көбі заңдылыққа сәйкес тиісті рұхсат құжатын ала бермейді. Біз оны кентішіне кезекті рейд барысында тағы да куә болдық. Бұл жолы да арнайы такси белгісін тағып жүргендердің ішінде патенсіз жүргендер кездесті. Сондай-ақ патенсіз жолаушы тасымалдап жүрген жүргізушілердің дені көлік жуатын шүберектің сары қорабын қойып алғандар болып шықты.
Аудандық полиция бөлімінің патрулдік полиция тобының инспекторлары заңсыз жолаушы тасымалдап жүрген жүргізушілерге тиісті әкімшілік шарасын алды. Сондай-ақ олардың қатарында алдыңғы әйнегі жарылып жүргені, шетелдік нөмерлі автокөлігін заңдастырмағаны, автокөлігін міндетті сақтандырмаған жүргізушілер де кездесті.
- Такси қызметіне арнайы кәсіпкер ретінде тіркелеудің ешқандай қиындығы жоқ. Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе E salyk business және Kaspi Gold мобильді қосымшасы арқылы онлайн тіркеле алады. Патентпен немесе оңайлатылған декларация негізінде салық режимін таңдауына болады. Рейд шаралары басталғалы такси қызметіне кәсіпкер ретінде тіркеліп жатқан жүргізушілер бар. Қазір олардың саны 51-ге жетті, -дейді аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Эльвира Муканғалиева.
Заңсыз таксилерге рейд жалғасуда
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 1191