Ауданда 20-24 желтоқсан аралығында “ЗАҢСЫЗ КЕЛУШІ-ТАКСИСТ” іс-шарасы өтуде.
Мақсат - заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау.
- Іс-шара аясында шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын заңдастырып, көші-қон заңнамасын бұзбауын, егер заң талаптарын өрескел бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңдарының оның ішінде 517-бабының 3,4-т., 517-бабының 5-т., 518 бап, 519-бап және 230-бап 2-бөлігі, 463-бап, 590-бап 9-бөлігі, 612-бап 3-бөлігіне сәйкес шара алынатынын ескертеміз, -дейді аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Ғ.Жұмағалиев.
Ж.НАРИМАНОВА