Қылмысқа құрық, жұмыссызға күрек керек

АУДАН ӘКІМІ САЛАУАТ ӨТЕҒҰЛОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АУДАН ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТІП, ОНДА АУДАННЫҢ КРИМИНАЛДЫҚ АХУАЛЫ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС ЖАЙЫ ТАЛҚЫҒА САЛЫНДЫ.

АЛДЫМЕН БЫЛТЫРҒЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ЖАЛПЫ КРИМИНОГЕНДІК АХУАЛ ТУРАЛЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ БАТЫРБЕК ҚАЙЫРЖАНОВ ХАБАРЛАМА ЖАСАДЫ. ОНЫҢ СӨЗІНЕН ҰҚҚАНЫМЫЗДАЙ, БЫЛТЫР АУДАНДА ТІРКЕЛГЕН ҚЫЛМЫС САНЫ 2020 ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 24,7 ПАЙЫЗҒА АЗАЙҒАН ЕКЕН. СОНЫҢ ІШІНДЕ, АУЫР ҚЫЛМЫСТАР-9,1 ПАЙЫЗҒА ТҮССЕ, ОРТА ДӘРЕЖЕЛІ ҚЫЛМЫСТАР - 17,4 ПАЙЫЗҒА, ЖЕҢІЛ ДӘРЕЖЕЛІ ҚЫЛМЫСТАР 30,8 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН.

– 2021 жылдың 12 айында 2020 жылмен салыстырғанда қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 27,3 пайызға, көшеде жасалған қ ы л м ы с т а р 6 2 , 5 п а й ы з ғ а төмендесе, керісінше алкогольдік және есірткі заттарын пайдалану күйінде жасалған қылмыстар 100 пайызға, жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 400,0 пайызға өсіп отыр. Ал, отбасы-тұрмыстық қарымқатынас саласындағы қылмыстар мен қарудың қолдануымен жасалған қылмыстар тіркелген жоқ,- деді ол бөтен мүлікті ұрлаудың 24 дерегі тіркелгенін айта отырып.

Бұдан соң «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауда жүктелген «Сервистік модельге» көшу тапсырмасы бойынша Жарсуат және Есбол ауылдарында тұрғын үйжайымен бірге полиция тірек пункті құрылысы аяқталуға жақын қалғаны, Индербор кентінде полиция бекеті орнатылғандығын жеткізді. О с ы ж е р д е  а у д а н прокурорының орынбасары Бекарыс Нәутиев мал ұрлығы мен алаяқтық бойынша жұмыстарды жүйелендіру қажеттігі туралы ұсынысын білдірді.

Сөз тізгінін алған аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Айдар Жобалов еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздарды төленетін қоғамдық жұмыстарға тарту, оларды кәсіби даярлықтан өткізу үшін атқарылған қосымша шаралар туралы хабардар етті. Директордың айтуынша, былтыр осы орталыққа 1344 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Жұмыс сұраушылардың көптігіне байланысты 1423 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 1758 жаңа жұмыс орнын ашуға қол жетіпті. Ж ұ м ы с с ы з д а р а р а с ы н д а «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық жүйесі жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, күні бүгінде порталда 51 жұмыс берушіден 117 бос жұмыс орындарына сұраныс түскен екен.

– Мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты, яғни техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау аясында қысқа мерзімді қайта даярлау курсына бөлінген 8882,0 мың теңге қаржыға 43 жұмыссыз адам, осыған қосымша 17 жұмыссыз ТШО компаниясының есебінен оқытылды және оқытылған 57 адамның 53-і тұрақты жұмысқа орналасып, 1 адам өз ісін ашу үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант алды. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша, яғни кәсіпкерлік бойынша 16 адам 61 млн 800 мың теңге «АШҚҚ» қорынан, 3 адам 15 млн 200 мың теңге «ИндерАКО» несие серіктестігі ЖШС-і арқылы, 3 адам 20 млн 100 мың теңге «Атырау-Болашақ» несие серіктестігі ЖШС арқылы несие алды. Нәтижесінде 24 жаңа жұмыс орындары ашылды, - деді ол.

Жалпы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыты бойынша әлеуметтік жұмысқа жолданған 100 адамның 78-і, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасында 70 адамның 47- сі, қоғамдық жұмысқа тартылған 600 адамның 247-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Жұмыспен қамту орталығы былтыр 4 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп, онда 492 жұмыссыз азаматтардың түйіндемесі алынып, 181 адам жұмысқа орналасқан. Б ұ д а н ө з г е ж а н б а с ы н а шаққандағы (26045 теңге) табысы кедейлік шегінен төмен 287 отбасындағы 1570 азаматқа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 108,5 млн теңге төленген. Комиссия отырысында аудан басшысы Салауат Өтеғұлов әр мәселе бойынша жекелей сұрақтар қойып, нақты тапсырмалар беріп, комиссия отырысын қорытындылады.

otyrys

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT