Сайлаудан сырқат жандар да сырт қалмады. Олардың үйіне сайлау жәшігін арнайы апарып, таңдау жасауға мүмкіндік жасалды.
Мысалы, олардың бірқатарына Индер ауданындағы №114 сайлау учаскесінде сайлау комиссиясының төрағасының орынбасары Асылбек Қоңыровпен бірге жолымыз түсті.
Соның бірі «Көктем» мөлтек ауданының тұрғыны Зияш Шотықбаева. Кезінде «Жамбыл» совхозында тракторшы болып еңбек еткен ардагер қазір зейнеткерлік демалыста, ұрпақтарының қызығын көріп отырған бақытты әже.
-Бұған дейін сайлаудан қалып көрген жоқ едім. Осы күні үлкейгендіктен болар, денсаулық сыр беріп, екі аяқ бастырмайтын болды. Алысқа ұзап шықпайтын болдым. Сондықтан да дауысымды үйге шақыртып беруді шештім. Елімізде жүргізіліп жатқан мұндай маңызды шарадан шет қалуға болмайды. Бастысы Қазақ елінің болашағы жарқын боларына сенемін. Тек елдің татулығы мен бірлігі ажырамасын, - деді ол.
С.БАЗАРБАЕВ.