«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Атырау облысы Полиция департаментінің нұсқауына сай, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде экстремизм мен терроризм фактілерінің көріністеріне жол бермеу, азаматтармен сенімді  тығыз  қарым-қатынас орнату, сондай-ақ халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру  шараларын  күшейту мақсатында,   Индер ауданы аумағында ағымдағы жылдың  1 қыркүйек – 1 қараша  аралығында республикалық  «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. .

 Аталмыш іс-шара аясында, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік, көші-қон, криминалдық полиция және пробация қызметі қызметкерлерінің және мемлекеттік органдар және мекемелер немесе жұртшылық өкілдерімен  (оның ішінде еріктілерді) бірлесіп, әрбір әкімшілік учаскені біруақытта тексеру үшін топтар құрылды.

Жедел  прорфилактикалық  іс-шара  өткізу кезеңінде:

- әкімшілік учаскелерді пәтерлік және аулалық тексеру.

- аудан аумағында тұрақты тұратын және уақытша болатын шетелдік азаматтарын 100% тексеру.

- заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту және ықтимал жанжалдардың, оның ішінде тұрмыстық және этносаралық сипаттағы жанжалдардың жедел жолын кесу.

-   ІІО-ның профилактикалық есептерінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша 100% тексеру.

-   бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін таңдап алған жеріне келмеген және ішкі істер органдарының есебіне тұрмаған адамдарды анықтау.

-  қолайсыз жағдайдағы отбасыларды анықтау.

-   азаматтық қарудың жеке иелерін қарудың сақталуын, уақтылы тіркелуін және қайта тіркелуін қамтамасыз ету мәнінде барлық бар есептермен, сондай-ақ олардың тұрғылықты жері бойынша тексеру.

-   қоғамға қарсы іс-әрекеттерді анықтау, сондай-ақ олардың тарапынан қадағалаусыздық фактілерінің жолын кесу мақсатында жастар және кәмелетке толмағандар жиналатын орындарды тексеру.

- саяжай алқаптарын, шаруа және фермер қожалықтарын, ауыл шаруашылығы алқаптарын, қыстақтар, тоқтатылған және қараусыз қалған құрылыс объектілерін, шатырлар, жертөлелер, кәріз құдықтарын және т.б., оның ішінде азаматтарды еңбекке пайдалану фактілерін анықтау мәніне тексеру  жұмыстары   жүргізіледі.

 

Ғ.Жұмағалиев, 

Индер АПБ ЖПҚБ бастығы полиция майоры                                                                            

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT