УАҚЫТ ТАЯУ, ЖҰМЫС БАЯУ

Индербор кенті әкімінің тапсырысымен 190 197 733 теңге 18 тиынға Шоқан Уәлиханов көшесіндегі №15 төрт қабатты әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу басталған болатын.

Бұл істі атқарушы – бас мердігер «SCS Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Алайда, соңғы кездері жұмыс қарқыны бәсеңдеп қалған. Енді оны уақытында аяқтау мүмкін бе? Бұл туралы құрылыс учаскесінің басшысы Талғат Сұлтанов:

- Кезінде кішкене жұмыстан кідіріс болған. Қазір қосымша жұмысшыларды әкелдік, жандандырып жатырмыз. Құрылыс материалдары толық келіп тұр. Жылу, канализациялық жүйелерді мамандары жүргізіп жатыр. Басқа да жұмыстар ретімен жасалуда. Бұйырса, қараша айында тапсырамыз деген ойымыз бар,- десе, кент әкімі Асқат Аймұратов заңдылыққа сай қадағалап отырғанын айтады. Ендеше, тапсырар уақыт таяғанда жанталасып, сапасыз жөнделмей ме деген ой да жоқ емес. Оны уақыт еншісіне қалдыралық.

Ж.ІСІМ

Сурет әлеуметтік желіден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521