Тыныштық пен тұрақтылық тек заңға бағыну арқылы орнайды

Менің ойымша, Жолдаудағы «Заң және тәртіп» қағидаты – мемлекетіміздің тұрақтылығының кепілі. Құқық қорғау органдарында ұзақ жыл еңбек еткен адам ретінде айтарым: кез келген қоғамда тыныштық пен тұрақтылық тек заңға бағыну арқылы орнайды. Заң үстемдік құрмаса, ешқандай даму болмайды.

Бүгінде қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға бейжай қарау үрдісі байқалады. Дөрекілік, қоғамдық орындардағы дау-дамай, тіпті тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кейбір түрлері әлі де бар. Президенттің бұл мәселелерді ашық айтуы өте орынды. Себебі осындай ұсақ-түйек болып көрінетін заң бұзушылықтар уақыт өте үлкен мәселеге айналуы мүмкін.

Құқық қорғау саласының ардагері ретінде жастарға айтарым: заңды құрметтеу – тек міндет емес, ол – мәдениеттің, тәрбиенің көрсеткіші. Әр отбасы өзінен бастап тәртіп пен әдепке мән берсе, құқық қорғау органдарының жұмысы да жеңілдейді. Президенттің халықты заңға құрметпен қарауға шақыруы – қоғамымызды өркениетті бағытқа бастайтын маңызды қадам.

Хами Мысыров,
Полиция ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT