Туризм бағытында да жаңа бастамаларға негіз бар

 Соңғы жылдары Индер ауданы аумағындағы тұзды көл мен бұрынғы өндірістік карьер халықтың бейресми демалыс орнына айналып отыр. Көлдің емдік қасиеті ғылыми түрде дәлелденген. Оның негізінде емдік-сауықтыру туризмін дамытуға мүмкіндік бар. Көлдің ерекше қорғалатын мәртебесінің алынуы туристік бағыттағы жобаларды заң аясында іске асыруға жол ашты. Дегенмен, қазіргі таңда көл маңында инфрақұрылым мен санитарлық жағдай жеткіліксіз. Осыған байланысты тиісті салалық бөлімдермен бірлесе отырып, көл мен оған жақын аумақтарды тиімді пайдалану жолдарын қарастыруды орынды деп есептеймін.

Ауданға инвестиция тарту және жобаларды сүйемелдеу бағытында тұрақты жұмыс жүргізілуде. 2020 жылы «Нефтестройсер- вис» ЖШС-не емдеу-сауықтыру кешенін салу үшін 50 гектар жер телімі бөлінгені өздеріңізге мәлім. Сол кезде көл ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие болғандықтан, жоба уақытша тоқтатылған еді. 2025 жылдың мамыр айында әкімдік тарапынан компанияға жобаны қайта жандандыру жөнінде ресми ұсыныс хат жолданды. Қазіргі таңда компания экологиялық сараптама алу үшін тиісті құжаттарын әзірлеу үстінде. Қосымша аталған компания тұз өндіру зауытын салу жоспарын да қолға алып отыр.

Бұл жоба өндірістік және туристік әлеуетті қатар дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, «InderTuzCompany» ЖШС Жайық жағалауындағы иелігіндегі ғимаратты бұзып, емдеу-сауықтыру кешенін салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жердің нысаналы мақсатын «сауықтыру орталығы» деп өзгерту бойынша жұмыстар жүріп жатыр және жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалу үстінде.

Жалпы Жолдауда көрсетілген басымдықтарды іске асыру үшін ауданымыздың әлеует жеткілікті. Оны ауданға сапары барысында облыс бысшысы С.Шәпкенов те атап өткен болатын. Табиғи ресурстар, қолайлы географиялық орналасу, кәсіпкерлікке бейім халық – осының бәрі бізге жаңа мүмкіндіктер аша- ды. Ауданда игерілмеген қазба байлықтар бар және олардың тиімді барлануы мен карталануы – ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуы үшін маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бұл жұмыстарды жүйелі жүргізуіміз керек.

Мемлекет басшысының Жолдауы – алдағы жұмысымыздың нақты бағыты мен мазмұнын белгілейтін құжат. Ең бастысы – берілген тапсырмаларды орындауда ашықтық, нақты нәтижеге бағытталған жұмыс тәсілі және барлық мүдделі тараптардың үйлесімділігі қажет деп ойлаймын.

Ауданымызда кәсіпкерлікті, инвестициялық ахуалды және туризмді дамыту – ортақ мақсат. Осы жолда әкімдік пен барлық мүделлі бөлімдердің бірлесе жұмыс істеуі шешуші фактор болмақ. Біздің бөлім тарапынан Жолдауда айтылған міндеттерге сәйкес жұмыстар жалғасады деп сенімді түрде айта аламын.

 АЙГҮЛ ҮМІТҚАЛИЕВА,

Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп

және туризм бөлімінің басшысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT