Адам денсаулығы мен өміріне күлдей кесірін тигізетін темекі өнімдері 20 теңгеге өсіп, бір қорабы 400 теңге тұратын болды.
Әлбетте, жиырма теңгеден жыл сайын қымбаттайтын шылымнан шынайы бас тартатын ағайын табыла қояр ма екен? Әй қайдам! Әйтеуір темекіге тәуелді тұлға «үйреншікті әдетінше» жүре берері сөзсіз. Ресми ақпараттарға сүйенсек, темекінің әсерінен жылына жүрек ауруынан қайтыс болатындардың көрсеткіші 44 пайыз, яғни 17,9 миллион адамға тең. БДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус «Көптеген адам темекі шегудің обыр және өкпенің қабынуына алып келетінін біледі, алайда көбісі темекінің түтінінен жүрек ауруы мен инсультке алып келетінін білмейді, бұлар өлімге алып келетін аурулар»,-деп мәлімдеме берген болатын.
Мамандардың айтуынша, Қазақстан бойынша ең қымбат темекі Жезқазған қаласында сатылады екен. Былтыр шылымның бір қорабының ең төменгі бағасы 380 теңге болса, ол 2022 жылдың 1 шілдесінде 520 теңгеге дейін өсетін болады. Әйтеуір, түптің түбінде темекі түбімізге жетпесе болғаны.
"Дендер"-Ақпарат.