«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЛ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Индербор кентінде тал егу жұмыстары жалғасуда.

Аудандағы табиғи пайдалы қазбаларды игеріп отырған өндіріс мекемелері бұл игі іске демеушілік танытып, туған жердің көркейуіне өз үлестерін қосуда.

Алдыңғы күндері «ИндерГипс» ЖШС ұжымы Тайсойған көшесіндегі скверге тал егу жұмыстарын бастап берсе, бүгін бұл бастаманы «ИСИ ГИПС Индер» ЖШС қызметкерлері жалғастырды. Кәсіпорын өкілдері өз қаражаты есебінен 330 (тополь, үйеңкі) көшеттерін отырғызып, елді мекеннің экологиялық ахуалын жақсартуға атсалысты. Аталған іс-шара алдағы уақытта өзге де өндірістік мекемелердің қолдауымен жалғасын табады деп күтілуде.

Бұл — туған жердің табиғатына жанашырлық пен экологиялық мәдениеттің көрінісі, болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлық.

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі баспасөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT