Елімізде енгізілген төтенше жағдай аясында Индер ауданы көлемінде шектеу шараларын қабылдау жөнінде бас санитариялық дәрігерінің арнайы қаулысы шықса да тисті талаптар сақталмай отырғаны белгілі болды.
Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ерқанат Темірханов айтуынша, тәртіп сақшылары ұйымдастырған күнделікті рейдтер барысында ел заңдылығына сәйкес 20 адамға әкімшілік хаттама толтырылса, 2 азамат аудандық соттың шешімімен 2 тәулікке қамауға алынған екен.
-Жалпы тұрғындар арасында тисінше талаптар сақтау жөнінде арнайы жадынамалар таратыла тұрса да кейбір азаматтардың мойынұсынғысы келмейтін әрекеттері қынжылтады. Талап пен тәртіп кім-кімге де ортақ. Бұл ең алдымен өзіміздің денсаулығымызды сақтау үшін алынып отырған шара екенін түсінуіміз қажет,-дейді өз сөзінде.
С.КӨШЕКОВ
Индер ауданы