Танымал журналист атыраулықтармен кездесті

Танымал журналист атыраулықтармен кездестіБүгін танымал журналист, өткір сұхбат, ашық әңгімелерімен көрермен көзайымына айналған Нартай Аралбайұлы атыраулықтармен кездесті.

Сайлау науқаны қарсаңында халықтың талап-тілектері билікке жетсін деген мақсатты көздеген Нартай Сәрсенғалиев аймақтағы бірқатар нысандарды аралап, елдің айтарын тыңдады.

Алдымен халыққа қызмет көрсету орталығында болып, құжат тапсыруға келген тұрғындармен тілдесті. Айтылған ұсыныс-пікірлерге құлақ асқан ол тиісті деңгейде шешілуі жолында журналист ретінде жұмыстанатынын жеткізді.

Сондай-ақ, Еркінқала ауылындағы бекіре тұқымдас балық өсіру зауытына барып, жұмысшылармен тілдесу барысында салаға қатысты проблемалар аталды.

Белгілі журналистің Атырауға сапары барысынан жастар да тыс қалмады. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттерімен жүздесіп, білім саласына қатысты жаңашылдықтар, сапалы білім алу, жатақханамен қамтылу тұрғысындағы пікірлерді тыңдады. Сонымен қатар Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауыл шаруашылығын дамыту, Жайық өзенінің тартылуы мен басқа да мәселелерді тыңдады.

Нартай Сәрсенғалиев Атырауға сапары барысында айтылған әр ұсыныс-пікірді аяқсыз қалдырмай, сайлау науқанына түсетін саяси партиялардың сайлауалды бағдарламаларына енгізілуіне және де тиісті деңгейде шешілуі жолында жұмыстанатынын жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз