"ТАҒЗЫМ" МЕМОРИАЛЫНЫҢ ТАРИХИ МӘНІ ЗОР...

Алматыда бүгін "Тағзым" мемориалының ашылуы тектен-тек емес.

Ашылу салтанатына Президенттің өзі қатысты. Демек, бұл – мемлекет үшін маңызды оқиға. Қайғылы қаңтар оқиғасына да биыл бір жыл толып отыр. Ендеше, тарихшы ретінде айтар болсам, біріншіден, мұндай мемориал қазіргі ұрпақ өткенін ұмытпау үшін керек.

Екіншіден, бұл кешеннің құрылымы тарихи мазмұнға тұнып тұр. Мемориал үш бөліктен тұрады, әр бөлім Қазақстанның даму, қалыптасу кезеңдерін бейнелейді. Тарих көрсеткендей, адамзат дамудың барлық кезеңдерінен өтеді: қиындықтармен күресу және кедергілерді жеңу.

Мемориалдың әр бөлігі белгілі бір кезеңді көрсетеді. Қара – қорқыныш, хаос, сұр – күрес, қалыптасу, ақ – әл-ауқат, жарқын болашақ. Мемориалдың стелаларында Қазақстанның тарихи тұлғаларының дәйексөздері ойып жазылған. Ұлы адамдардың сөздерін оқи отырып, біздің жастар білім, тәрбие мен тағылым алады. Осылайша, мемориал сонымен қатар ата-баба өсиеттеріне сабақтастықты көрсетеді және болашақ ұрпаққа тиісті хабарды жеткізеді. Қазақстан қазір өзінің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа дәуірге қадам басты. Мемориалдың ашылуы егемендік пен ынтымақтастық сияқты құндылықтардың мызғымастығы туралы ата-бабаларымыздың өсиеттеріне адал бола отырып, үлкен сынақтардың ең қиын кезеңінен өткен халықтың заманауи тарихының жаңа бетін бейнелейді. Мемориалда біздің дамуымыздың 30 жылдық жолының – бесіктен бастап жетілуге дейінгі тарихы басылды. Біз мұнда Кеңестік Қазақстанның көріністерін, желтоқсан оқиғаларының жаңғырығын және «қаңтар оқиғалары» кезеңіндегі халықтың қайғысын көреміз. Біз қаңтар оқиғасына әкелген тарихи қателіктерді қайталамауымыз керек және болашақ ұрпақ үшін ізгі естеліктер қалдыруымыз қажет.

Аққали АХМЕТ, "Мәңгілік ел" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT