Таза Қазақстан: табиғатқа жанашыр қадам

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” республикалық экологиялық акциясы аясында Нұржау ауылдық округінде сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – ауылдың тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру.

Сенбілік барысында ауылдың негізгі көшелері, жаяу жүргіншілер жолдары, саябақтар мен қоғамдық орындар тазартылды. Қоқыстар жиналып, жасыл аймақтарға күтім жасалды. Сонымен қатар қоршаған ортаны таза ұстау және табиғатты қорғаудың маңызына ерекше мән берілді.

Мұндай экологиялық іс-шаралар туған өлкенің көркін арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді. “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” акциясы арқылы табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екендігі тағы да айқындалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT