Ақынның ұлтына ұран болған рухты туындыларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен эстетикалық талғамын дамыту, тарихи санасы мен танымын кеңейтіп, азаматтыққа баулуды мақсат еткен байқауға қала және аудан мектептерінен 60-қа жуық оқушы қатысуда.
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте өтіп жатқан байқаудың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзинмен облыстық Білім беру басқармасының "Таланттарды анықтау және қолдау орталығының" директоры Қайырғали Азилов дауылпаз ақын шығармаларының тәрбиелік мәні жоғары екенін айта келіп, қатынасушыларға сәттілік тіледі.
Облыстық байқау "Ұлы арман" - Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу, "Ел құтқарар ер едім..." - Махамбет шығармаларын жатқа оқу, "Шашақты найза, шалқар күй" - Махамбет күйлерін орындаушылар, "Тартынбай сөйлер асылмын..." - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу және "Біз неткен ер, неткен ер, Сергелдеңмен өткен ер" - "Хандар мен ел билеушілер", "Батырлар" тақырыбының бірін қорғау деп аталатын бес бағыт бойынша өтеді.
Ж.НАРИМАНОВА
Суреттер автордікі