Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 15-30 күндері аралығында жолаушылар тасымалы саласындағы заңнаманы сақтау және олардың қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша «Қауіпсіз жол» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шараның мақсаты - жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға бақылауды күшейту, облыс тас жолдарында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және одан зардап шегетіндердің санын азайту үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп автомобиль жолдарында көліктік тәртіпті арттыру.
Б.Қабиев
Индер АПБ ППТ-ның қызмет аға инспекторы полиция аға лейтенанты