«Тәуелділік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жасөспірімдердің темекі шегуі қазіргі уақытта маңызды медициналық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық проблемалардың бірі болып табылады. Жасөспірімдер темекі шегіп, кейіннен алкоголь мен есірткіге әуестеніп, девиантты мінез-құлықтың алғашқы белгілерінің пайда болуы мәселесі ерекше назар аударады. Біздің елімізде және шетелде жүргізілген көптеген медициналық зерттеулер темекі шегудің адам ағзасының барлық жүйелеріне зиян келтіретінін және физиологиялық, психологиялық тәуелділікті тудыратынын дәлелдеді. Темекінің негізгі белсенді әсері – никотин. Алдымен әртүрлі жүйелер мен органдардың тітіркенуі мен қозғыштығының жоғарылауы байқалады, содан кейін бұл жағдай депрессиямен ауыстырылады. Тұрақты темекі шегу, әдетте, бронхитпен қатар жүреді, ол кейін жөтел арқылы сұр, лас қоңыр қақырықты шығарады. Бірнеше жыл бұрын дүкен сөрелерінде бумен дем алуға арналған құрылғылар пайда болды. Вейптер мен электронды темекінің танымалдылығының артуы денсаулыққа нақты қауіп төндіруде.Вейп сұйықтықтарының құрамында улы заттардан басқа, никотин бар, ол адамды тәуелділікке итермелейді. Вейптің құрамындағы хош иістер адамның өкпесіне қауіпті, олар бронхтар мен өкпе тіндерінің қабынуы мен зақымдалуына әкелуі мүмкін. Электрондық темекідегі хош иістер мен басқа улы заттардың адам ағзасына толық әсері әлі толық зерттелген жоқ. Қазір мектеп оқушылары арасында электронды темекі шегу сәнге айналуда. Вейптер мен электронды темекі кәмелетке толмағандардың денсаулығына қауіпті. Көптеген қоспалар, темекі өнімдері сияқты, никотинді қамтиды, сондықтан кез келген темекі өнімдері сияқты ағзаға зиян. Сонымен қатар, вейперлер денсаулыққа зияны жоқ дегенге сенімді, олар классикалық темекі шегуден гөрі жиі тартып, никотинді көп мөлшерде қабылдауда. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, бұл ата-ананың басты міндеті. Сол себепті ата-аналар бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамай, олардың күнделік немен шұғылданып жүргендерін, бос уақытта немен айналысатынын қадағалап отыруы тиіс.

Бұл ретте жасөспірімдерді салауатты өмір салтын таңдауға қалыптастыру мақсатында, Атырау облысы ПД-нің Атырау облысы бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бұйрығына сай, ағымдағы жылдың 20-22 сәуір күндері аралығында аудан көлемінде « Тәуелділік» жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатырғандығын хабарлайды.

Индер ауданы Полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT