«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі.
Қазақ әуел бастан көктем келіп, күн қыза бастағаннан-ақ ауланы, тоғайлар маңын тазалап, ағаштардың түбін әктеп, күтім жасаған. Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парыз.
Қоршаған ортаның жақсаруына өз үлесімізді тигізу үшін ауламыздың, мектебіміздің, ауылымыздың аумағын тазартып, абаттандырып, жасыл желектер отырғызып, шырайын әрлендіре түсу мақсатында, сенбілік өткізілді. Бұл тал егу сенбілігіне 1979 жылы Өрлік орта мектебін бітіріп, сан алуан мамандық иесі болған, бүгінгі күнде бірі - әке, бірі - ана атанған, мектеп бітіргендеріне 40 жыл болған түлектер мектеп ауласына 75 түп Ива, Клен, Ясин тал түрлерін әкелді. Қ. Абаханов атындағы орта мектептің ұстаздары мен оқушылары бірігіп, мектеп айналасына тал екті.
Мирамгул Сапагулова,
Қ. Абаханов атындағы орта мектептің мұғалімі.