«Тұлғалық және отбасылық конфликттердің алдын алу, өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмау»

ҚР ҚМ Атырау гарнизонының әскери бөлімдері мен Атырау гарнизонының Әскери полиция бөлімшесінің әскери қызметшілеріне банктік несиелерді қайтару жағдайларын, отбасылық бюджетті бөлу қажеттігі және азарттық ойындарды ойнау арқылы (ойын автоматтары, букмекерлік кеңселерде ақша тігу) байлыққа қол жеткізудің мүмкін еместігі туралы түсіндіру бойынша «Батыс» ӨҚ ТжИЖ басқармасының (психолог) аға офицері майор Т.Б.Каирова және Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас суицидолог маманы А.М.Шарипованың қатысуымен психологиялық зерделеу тестілеуі және сұхбаттар өткізілді.

Жиындардың негізгі мақсаты «Тұлғалық және отбасылық конфликттердің алдын алу, өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмау» онкүндігі аясында көпке ой салып, шиеленісті жағдайлардың алдын алу. Аталмыш тақырып аясында өткен іс-шарада арнайы мамандар мен психологтар жан – жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әскери қызметкерлерге отбасының тірегі тыныштық пен сыйластықта екені түсіндіріліп, тұрмыстық шиеленістің соңы ажырасу мен жетімсіреген баланың көз жасы, оған шыдамаған азаматтың өзіне-өзі қол жұмсауға ұшырайтыны екендігі айтылды.

Атырау гарнизонының Әскери полиция бөлімшесінің

(әкімшілік тәжірибе) офицері әділет капитаны

Бактияр Дауренкулов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521