Сығанақ жәдігері музейде

Тұңғыш Президент күніне орай Атырау облыстық Бас редакторлар клубының төрағасы, "Дендер" газетінің бас редакторы Жанай Исламғалиұлы аудандық мұражайда болып, мерекемен құттықтап, тәуелсіз мемлекетіміздің іргесін бекітудегі Елбасы еңбегіне тоқталды.

Одан соң "Нұрсұлтан шыңы —2019" альпиниадасына қатысып, 4300 метр биіктікке алып шыққан Индер туын музей директоры Майгүл Жалғасбаеваға тапсырды.

zhalau

Сонымен қатар қыпшақ даласының қақпасы, қазақтың ежелгі астанасы Сығанақ қаласы орнынан табылған сол кездің оюымен безендірілген құмыра, ыдыс сынықтарын, кеше ғана құмнан әкелінген құмаршық пен шежіре кітапты сыйлады.

tastar

Музей басшысы әр жәдігердің өзіндік тарихы барын айта келе, көненің ізі қалған бұйымдарды тапсырғаны үшін ризашылығын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521