Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне түрткі болып отыр. Ал парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеліп соғады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттің органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындаулын қамтамасыз етуге міндетті. Дегенмен, дендеген дерттің жолын кесуде жекелеген азаматтар да қарап қалмауы тиіс. Ел мүддесі үшін сіз бен біз біріге әрекет еткенде ғана белгілі нәтижеге жетеміз. Жемқорлықты жоюды мақсат еткен кіріс басқармасы да Жолдауда жүктелген тапсырмаларды тиісті деңгейде атқарып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санайды. Ж.Ахмет, Индер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT