31 қазан күні еліміздің барлық өңірінде «Халық заңгері» акциясы өтеді

Таңертеңнен кешке дейін әр аймақтағы үздік заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері құқықтық көмекке мұқтаж азаматтарға тегін кеңес береді.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттыру және азаматтардың нақты мәселелерін шешуге көмектесу. Кеңестер кредиттік қарыздар мен алименттерден бастап, жер, тұрғын үй және мұра дауларына дейінгі түрлі тақырыптарды қамтиды.

Акция кезінде азаматтық, отбасылық, еңбек, салық, тұрғын үй және жер қатынастары, атқарушылық іс жүргізу, зейнетақы, нотариат, сондай-ақ қылмыстық және зияткерлік меншік салалары бойынша сұрақтар қаралады.

Іс-шараны Бас прокуратура, Әділет министрлігі және Республикалық адвокаттар алқасы ұйымдастырады. 2016 жылдан бері бұл акция арқылы 300 мыңнан астам адам тегін құқықтық көмек алған.

Өтетін орындар мен уақыт туралы толық ақпаратты https://lp.prg.kz/narod-jur-2025-october/ сайтынан білуге болады.

Заңды сақтасақ – тәртіп орнайды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT