Жұмысшы мамандардың еңбегі — ел мерейі

Қоғамның өркендеуі мен өңірлердің қуаты – ең алдымен, еңбек адамдарының табанды ісіне байланысты. Сол себепті ауданымыздағы жұмысшы мамандардың мәртебесі әрдайым жоғары. Олар күнделікті тынымсыз еңбегімен өндірістің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, халықтың өмір сапасының артуына елеулі үлес қосуда.

Жұмысшы кадрлар – құрылыс алаңында жаңа нысандарды тұрғызып, ауыл шаруашылығында мол өнім өндіретін, инженерлік инфрақұрылымды жақсартып, қызмет көрсету саласын дамытуға атсалысатын негізгі күш. Әр маманның маңдай терімен келген жетістігі ауданымыздың дамуына қосылған нақты үлес болып табылады. Білікті мамандардың еңбегі – елдің берекесі мен тұрақтылығының кепілі.

Қазіргі таңда өндірістік саланы жаңғырту, заманауи технологияларды меңгеру, қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру – басты талаптардың бірі. Осы бағытта ауданымыздың жұмысшы мамандары кәсіби біліктілігін арттырып, жаңа машықтарды игеруде алдыңғы қатардан көрініп келеді. Олардың жаңашылдыққа ұмтылысы – өңіріміздің экономикалық әлеуетін еселей түспек.

Еңбек адамы – елге қызмет етудің ең асыл жолын таңдаған тұлға. Адалдық, жауапкершілік, табандылық және өз ісіне деген сүйіспеншілік – жұмысшы мамандық иелерінің басты құндылықтары. Біз осындай азаматтардың еңбегін әрқашан бағалап, қоғамдағы беделін көтеру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру керекпіз.

 

Г.ЖОЛДАСҚАЛИҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT